Павлодар облысы әкімдігінің
2010 жылдың ____ ___________
№ ________ қаулысымен
бекітілген
“Павлодар облыстық мамандандырылған сәбилер үйі”
мемлекеттік мекемесінің
Жарғысы
- Жалпы ережелер
- “Павлодар облыстық мамандандырылған сәбилер үйі” мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) жетім балаларға және ата-анасы- ның қамқорлығынсыз қалған балаларға, некеден тыс, жас аналардан, соттал-ған аналардан туған балаларға, сондай-ақ ақыл-ойы мен дене дамуының ке-містігі бар балаларға емдеу-сауықтыру көмегін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
- Павлодар облысы әкімдігі мемлекеттік атынан Мемлекеттік мекеме-ге қатысты облыстық коммуналдық меншік субъектісінің қызметтерін жү-зеге асыратын орган, сондай-ақ оның құрылтайшысы (бұдан әрі – Құрылтай-шы) болып табылады.
- Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі – Мемлекеттік басқару органы) Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік басқару органы болып табылады.
- Мемлекеттік мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақ-стан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамалық ак-тілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімдігі мен әкімінің актілерін, Мемлекеттік басқару органының бұйрықтарын, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.
- Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: “Павлодар облыстық мамандырылған сәбилер үйі” мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі толық атауы: государственное учреждение “Павлодарский областной специализированный Дом ребенка”.
- Мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: Қазақстан Республика-сы, Павлодар рблысы, 140001, Павлодар қаласы, Кутузов көшесі, 286-үй.
- Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: тәулік бойы.
- Заңды мәртебесі
- Мемлекеттік мекеме заңды тұлға болып табылады, өзінің дербес ба-лансы, банктерде есепшоттары, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі, тиісті мөртаңбалары мен бланкілері бар.
- Мемлекеттік мекеме өз атынан мүліктік және жеке құқықтарды иеленуге, міндеттерді атқаруға, сотта талапкер, жауапкер және үшінші тұлға болуға құқылы.
- Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаттары мен мәні
- Мыналар:
1) әлеуметтік міндеттерді шешу, облыстың тұрғын балаларының ден-саулығын қорғау бағдарламаларын орындау, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және дене дамуының кеміс-тіктері бар (тәрбие жағдайының себебінен болған дене және психикалық тіл дамуының кідірісі бар балалардан басқа) балаларға емдеу-сауықтыру жұмыс-тарын жүзеге асыру және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт-тарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаттары бо-лып табылады;
- Мыналар:
мамандандырылған емдеу-сауықтыру, алдын алу және оңалту көмекте- рінің сапалы деңгейін қамтамасыз ету;
толыққанды мен психикалық дамуды қамтамасыз ету;
жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-ға, некеден тыс, жас аналардан, сотталған аналардан туған балаларға, сондай-ақ ақыл-ойы мен дене дамуының кемістігі бар балалар денсаулығының оң-тайлы жағдайын қамтамасыз ету;
балалардың дене бітімі және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту, алдын алу іс-шараларын өткізу;
баланың жеке, мәдени және ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, же-ке тұлға ретінде сараланып дамуын қамтамасыз ету;
баланың тұлға ретінде дамуының үйлесімділігі үшін жағдай жасау;
балалардың тілдік (мемлекеттік, орыс және басқа тілдер бойынша) дайындығын қамтамасыз ету;
балалардың қызығушылығы мен қабілетін дер кезінде диагностика-лауды қамтамасыз ету және олардың зияткерлік пен шығармашылық қызметін дамыту;
балаларды салауатты өмір салты құндылықтарына қатыстыру;
тәрбиеленушілердің бастамалық, өзіндік, ептілік қабілеттерін және әлеуметтік дағдыларын дамыту;
инновацияларды, әзірлемелерді игеру және бағдарламалар мен әдісте-мелік құралдарды іске асыру;
отбасылық дәстүрдегі тәрбие беруді қалпына келтіру және білім беру үрдісіне отбасын тарту;
білім беру және сауықтыру қызметтерін көрсету;
азаматтылыққа, Отанына деген сүйспеншілікке, еңбекті және Қазақ-стан Республикасы халқының дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу Мемлекет-
тік мекеме қызметінің мәні болып табылады.
- Мемлекеттік мекемеге қабылдау тәртібі
- Мемлекеттік мекемеге балаларды қабылдау Қазақстан Республика-сының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
- Өтінішті тіркеу, ресімдеу және Мемлекеттік мекемеге жолдама бе-
руді Мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады.
- Балалар Мемлекеттік мекемеге мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен бекітілген жас мөлшеріне сәйкес медициналық жағы-нан жараған жағдайда қабылданады.
- Балаларды мемлекеттік мекемеге қабылдаған кезде соңғысы оның ата-аналарын немесе оларды алмстыратын тұлғаларды міндетті түрде Жар-ғымен және білім беру үдерісін ұйымдастыруды реттелмейтін құжаттармен таныстыру керек.
- Мемлекеттік мекемедегі тәрбиеленушілерінің
құқықтары мен міндеттері
- Мемлекеттік мекеменің тәрбиеленушілері Қазақстан Республика-сының заңнамасына сәйкес мыналарға:
десаулығының сақталуына;
жеке даралығының және оның сақталуына,
өмірінің, жеке басының еркіндігінің, жеке өмірі мен қадір-қасиетіне қол сұқпау құқығының сақталуына;
сөз сөйлеу, ақпарат еркіндігінің сақталуына және қоғамдық өмірге ара-ласуға;
қажетті өмір сүру деңгейіне құқылы;
мүліктік құқыққа;
баспана алуға;
білім алуға;
Қазақстан Республикасынның заңнамасымен қарастырылған өзге де құ-қықтарға ие болады.
- Мемлекеттік мекеменің тәрбиеленушілері мыналарға:
Қазақстан Респуликасының заңнамасын және Конституциясын сақ-тауға;
басқа да тұлғалардың құқықтарын, еркіндігін, ар-намысы мен қадір-
қасиетін құрметтеуге;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге;
еңбек етуге қабілетсіз ата-аналарына қамқорлық жасауға;
тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтауға;
табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
- Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру тәртібі
- Білім беру үдерісін Мемлекеттік мекеме білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт-тары негізінде әзірленген жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырады.
- Тәрбиеленушілердің сабақ тәртібі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес белгіленеді.
- Балалардың дамуын бағалау жүйесі білім беру саласындағы уәкі-летті орган бекіткен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары-
на сәйкес жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын бас дәрігер Мем-лекеттік мекеменің басшысы болып табылады.
- Бас дәрігер Мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады, Мемлекеттік басқару органына ті-келей бағынады және Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындау және өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді.
- Бас дәрігердің орынбасары мен бас бухгалтерді Мемлекеттік ме-кеменің бас дәрігерінің ұсынысы бойынша Мемлекеттік басқару органы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
- Бас дәрігер дара басшылық қағидаттары негізінде әрекет етеді және Мемлекеттік мекеменің қызметі жөніндегі барлық мәселелерді Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен белгіленген құзыреті-не сәйкес дербес шешеді.
- Мемлекеттік мемекенің бас дәрігері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мыналарға:
Мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет жасауға;
барлық ұйымдарда Мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіруге;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда және шектерде Мемлекеттік мекеменің мүлкіне иелік етуде;
шарттар жасауға, сенімхаттар беруге және қаржыландырудың қажетті есепшоттарын ашуға;
Мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтар шығаруға және нұсқаулар беруге;
Мемлекеттік мекеменің (Мемлекеттік басқару органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа) қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасауға бұзуға;
Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне Қазақстан Респуликасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ынталандыруды, материалдық көмек көрсетуді және тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асыруға;
Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін белгілеуге құқылы.
- Мемлекеттік мекеменің қаржылық қызметіне бас дәрігер мен бас бухгалтер жауап береді.
- Мемлекеттік мекеменің қызметкерлері өз міндеттерін орындау кез-де лауазымдық нұсқаулықтарды, Ішкі тәртіп ережелерін және ұжымдық шартты басшылыққа алады.
- Мемлекеттік мекеме мүлкін құру және
қаржыландыру тәртібі
- Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған мемлекет табыстаған мүлік есе-бінен құрылып, негізгі және айналымдағы қаражаттардан, ұйымдар мен аза-маттардың өтеусіз және қайырымдылық жарналарынан, сондай-ақ құны Мемлекеттік мекеменің балансында көрсетілген өзге де мүліктерден тұрады.
- Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған жедел басқару құқығында бекіті-леді және облыстық коммуналдық меншікке жатады.
- Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру облыстық бюджет-тен жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң-намасымен көзделген тәртіпке сәйкес жедел, бухгалтерлік және статистика-лық есеп жүргізеді.
- Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруді және ревизия жүргізуді Мемлекеттік басқару органы мен тиісті мемлекеттік органдар өз құзыретінін шегінде жүзеге асырады.
- Еңбек ұжымы
- Мемлекеттік мекеменің еңбек ұжымы жасасылған еңбек шарттары-ның, сондай-ақ Мемлекеттік мекеме мен қызметкерлердің арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін басқа құжаттардың негізінде оның қызметіне өз еңбегімен қатысатын барлық азаматтар құрайды.
- Филиалдары мен өкілдіктері
- Мемлекеттік кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
- Өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
- Мемлекеттік мекеменің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәр-тіпте енгізіледі.
- Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және
тарату жағдайлары
- Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату облыс әкім-дігінің актісі негізінде жүзеге асырылады.
- Егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеррінде белгіленбесе, Мемлекеттік мекемені таратуды және қайта ұйымдастыруды Құрылтайшының келісімі бойынша Мемлекеттік басқару органы жүзеге асы-рады.
- Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Азаматтық ко-дексімен, Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамалық актілерімен және Қазақстан Республикасының өзге де норматив-тік құқықтық актілерімен қарастырылған негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
- Таратылған Мемлекеттік мекеменің кредиторлардың талаптары қа-нағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін Құрылтайшы қайта үлестіреді.
- Таратылған Мемлекеттік мекеменің кредиторлардың талаптарын қа- нағаттандырғаннан кейін қалған ақшалай қаражаты (осы мекеменің мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда) облыстық бюджет кірісі-не аударылады.